Наурыз мейрамы қарсаңында мейірімділік пен қамқорлық ерекше маңызды. Бұл күн көктемді, жаңаруды және жақсы бастамаларды білдіреді.

«Samruk-Green Energy» ЖШС-ң ұжымы биыл да әлеуметтік бастамаларды қолдау дәстүрін жалғастырып жатыр. Бұл жолы ұжым «Алматы облысының № 1 балалар үйі» ММ-не барып, тамақтануға қажетті 450 дана ыдыс-аяқты сыйға тартты.

Бұл көмек тек материалдық қолдау емес, бұл көңіл мен қамқорлық.

Шара ұжымның жеке қаражатына ұйымдастырылды

Наурыз мейрамы әр шаңыраққа қуаныш, береке, жылулық әкелсін!