Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында дәстүрлі түрде өтетін студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы «Фараби әлемі» биыл да экологиялық бастамалар мен тұрақты даму мәселелерін талқылайтын маңызды алаңға айналды.
Конференция аясында Жылу физикасы және техникалық физика кафедрасы «Қалдықтарды басқару: тұрақты болашақ стратегиялары» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Аталған іс-шараға Samruk-Green Energy компаниясының жаңартылатын энергия көздері жөніндегі инженері Аубакиров Ербол Еркенович қатысып, өндірістік тәжірибесімен бөлісті және «SafeLab: Қауіпсіздік зертханасы» атты интерактивті практикалық сабақ өткізді.
Өз баяндамасында Ербол Еркенович Қазақстандағы жасыл энергетиканың даму қарқынын, жаңартылатын энергия көздерінің қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайтудағы маңызын және өндірістік қалдықтарды қысқартудағы рөлін атап өтті. Сондай-ақ, ол интерактивті сессия барысында жұмыс орнында адам өмірі мен денсаулығын қорғаудың маңыздылығын атап өтті және жеке қорғаныс құралдарының заманауи әдістері мен құралдарымен таныстырды..
Осындай кездесулер ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтып, жас мамандарға заманауи энергетика саласының мүмкіндіктерін танытуға жол ашады.
Samruk-Green Energy тұрақты даму қағидаттарын қолдай отырып, еліміздің экологиялық қауіпсіз болашағына үлес қосуды жалғастырады.







