«Samruk-Green Energy» ЖШС және «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» арасындағы стратегиялық әріптестік аясында жылуфизика және техникалық физика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамына арналған өндірістік тәжірибе сәтті ұйымдастырылды.

Он күнге созылған бұл тәжірибе барысында кафедра оқытушылары — Байжұма Ж.Е., Сейдулла Ж.Қ., Жақыпов Ә.С., Оспанова Ш.С., Қалсов Н.Б., Бекетаева М.Т., Габитова З.Х. және Нұғыманова А.О. — күн және жел электр станцияларының жұмыс істеп тұрған нысандарында болып, олардың технологиялық процестерімен жақыннан танысты.

Тәжірибе қатысушылары заманауи қондырғылардың ерекшеліктерін зерттеп қана қоймай, «Заманауи энергия үнемдеу технологиялары» тақырыбы бойынша кәсіби стажировкадан сәтті өтті.

Бұл тәжірибе ғылыми-өндірістік байланысты нығайтып, инновациялық шешімдерді энергетика саласында қолдануға жаңа көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік берді. Алынған білімдер мен тәжірибе кафедраның оқу үрдісі мен ғылыми-зерттеу жұмыстарына елеулі үлес қосатыны сөзсіз.