2025 жылдың 28 тамызында Қонаев қаласындағы қуаты 2 МВт күн электр станциясы білім беру кездесуінің алаңына айналды. Қазақстан-Неміс университетінің ұйымдастыруымен және GIZ қолдауымен өткен жаңартылатын энергия көздері мен PtX технологиялары бойынша тренинг аясында біздің станцияға Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің жетекші жоғары оқу орындарының оқытушылары мен өкілдері келді.

Қонақтар қатарында Назарбаев Университеті, Satbayev University, Yessenov University, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, ҚБТУ, Торайғыров университеті, Рудный индустриалды университеті, Атырау мұнай және газ университеті, АЭжБУ, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ, сондай-ақ Тәжікстан, Өзбекстан және Түрікменстаннан келген ғалымдар мен оқытушылар болды.

Қонақтарға күн электр станциясының жұмысы, технологиялық шешімдері және ЖЭК саласындағы заманауи тәжірибелері көрсетілді. Жаңартылатын энергия көздерін интеграциялау, станциялар тиімділігін арттыру және инновациялық технологияларды қолдану мәселелері талқыланды.

Энергетик мамандығын насихаттауға ерекше назар аударылды. Оқытушылар станцияның нақты жұмысын және оның тұрақтылығын қамтамасыз етіп отырған мамандарды өз көзімен көрді. Бұл тәжірибе студенттерге – болашақ инженерлер мен мамандарға жеткізіледі, нәтижесінде оқу үдерісі күшейіп, жастардың салаға қызығушылығы артады.

Мұндай білім алмасулар Қазақстан Республикасының Президенті жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ерекше маңызға ие. Біз ЖЭК болашағы инженерлерсіз, электромонтерлерсіз және техниктерсіз мүмкін еместігін атап өттік. Ал жаңа буын мамандарын қалыптастыруда оқытушылардың рөлі зор.

Осындай кездесулер білім беру әлеуетін арттырып, өндіріс пен жоғары оқу орындары арасындағы байланысты нығайтады. «Samruk-Green Energy» ЖШС станцияларында тәжірибеден өткен түлектердің көбі бүгінде біздің компанияда және «Самрук-Энерго» тобында еңбек етуде. Бұл университеттермен ынтымақтастық бүкіл саланың дамуына нақты үлес қосатынын дәлелдейді.

img 20250908 wa0053img 20250908 wa0053img 20250908 wa0053img 20250908 wa0053img 20250908 wa0053img 20250908 wa0053