Ағымдағы жылдың 17-қыркүйек күні 9 сынып оқушылары өндірістік және әлеуметтік объектілерді таныстыру мақсатында ЖШС «Samruk-Green Energy» Қонаев қаласындағы 2 МВт Күн электр станциясына танымдық сабаққа барды. "Samruk-Green Energy" ЖШС — жаңартылатын энергия көздерін пайдалану арқылы энергия өндірумен айналысатын қарқынды дамып келе жатқан кәсіпорын. Оқушыларды станция басшысы Жакитов Манат Советұлы жақсы көңіл-күймен қарсы алды. Саяхат барысында оқушыларға   Манат Советұлы - күн электр станциясының жұмыс істеу принципімен, оның технологияларымен және қоршаған орта үшін маңыздылығымен таныстырды. Станцияның ішін толығымен аралатып, жұмыс барысын түсіндірді.

Күн электр станциясы — бұл күн сәулесінің энергиясын электр энергиясына айналдыратын құрылғы.

Мақсаты:

 * Еңбекқорлықты насихаттау: «Жұмысшы жылы» аясында еңбектің маңыздылығын көрсету.

*     Оқушыларға жаңартылатын энергия саласындағы мамандықтар туралы білім беру.

 * Технологиямен таныстыру: Күн электр станциясының жұмыс істеу принципі мен оның технологиясын түсіндіру.

Бұл саяхат жас ұрпақтың табиғатқа деген жанашырлығын арттырып, олардың ғылымға деген қызығушылығын оятты. Жакитов Манат Советұлына алғысымызды білдіреміз.

https://www.instagram.com/p/DdYimBWMcb0/?stkn=MXQwNDFzMnNwOW9seQ==