2025 жылғы 7 тамыз күні ЖЭС 5 МВт кезекші инженері - Нұрай Ахмет «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында өткен Жастар форумына қатысты. «Самұрық-Энерго» АҚ еншілес компаниялары үшін ұйымдастырылған бұл шара Астана қаласы, Жібек Жолы ауылындағы «Beibarys» демалыс аймағында өтті.
Форум жас мамандардың түрлі өңірлерден бас қосып, тәжірибе алмасуына, кәсіби дағдыларын дамытуына және корпоративтік байланыстарды нығайтуына арналған алаң болды. Күн тәртібінде баяндамалар, пікірталас сессиялары, топтық тапсырмалар мен бейресми әңгімелер ұйымдастырылды.
Ахмет Нұрайдың форумға қатысуы энергетика саласындағы кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастықты дамытуға өз үлесін қосты. Мұндай іс-шаралар кәсіби қауымдастықтың қалыптасуына, жас мамандарды қолдауға және олардың әрі қарай дамуға деген ынтасын арттыруға ықпал етеді.