Наурыз — жаңару, жақсылық пен бір-біріне қамқорлық көрсету уақыты. Осындай күндері жылулық пен қолдауды бөлісу ерекше маңызды.

«Samruk-Green Energy» ЖШС ұжымы тағы да қайырымдылық бастамасымен шықты. Бұл жолы қызметкерлер «Алматы облыстық №1 балалар үйі» ММ тәрбиеленушілеріне 300 дана ыдыс-аяқ табыстады.

Бұл көмек қызметкерлердің жеке қаражаты есебінен ұйымдастырылып, шынайы назар мен қамқорлықтың белгісі болды.

Наурыз мерекесі әрбір шаңыраққа қуаныш, жылулық пен береке әкелсін! ?

whatsapp image 2026 03 16 at 14.25.43