ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауы еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуы үшін маңызды қадам болды. Бұл жұмысшы мамандықтарының экономикалық дамуға, жұмыссыздықты азайтуға және өндірістік және техникалық саладағы прогреске тікелей әсер ететіндіктен маңызы зор ақ.
Осы бастаманы қолдаған «Samruk-Green Energy» ЖШС 2025 жылдың 14 сәуірінде Алматы қалалық Білім басқармасына қарасты «№25 Ілияс Есенберлин атындағы гимназия» КММ-де жұмысшы мамандықтарды кеңінен насихаттау мақсатында дәріс өткізді. Осы іс-шараның лекторы «Samruk-Green Energy» ЖШС күші 1 МВт күн электр станциясының басшысы Батырбек Тлектесович Абулкалыков болып, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану арқылы энергия өндіру саласындағы білімі мен тәжірибесі туралы айтып берді.
Неліктен жаңартылатын энергия көздері қазірдің өзінде сөзсіз болашақ болып есептеледі?
Жыл сайын әлем көмірден, мұнайдан және газдан алыстап барады. Адамдар тұрақты, қауіпсіз және экологиялық таза энергия көздерін іздейді. Бұдан Қазақстан да шет қалмайды. Қазірдің өзінде ондаған күн және жел электр станциялары жұмыс істеп тұр. Ал біз әрі қарай да жаңаларын салуды жалғастыра береміз.
Бірақ бірде-бір станция адамсыз – білікті мамандарсыз жұмыс істемейді.
Бүгінгі күні күн электр станцияларында қандай мамандықтар сұранысқа ие? Бұл инженерлер мен менеджерлер ғана емес. Бізге сондай-ақ жұмыс орындарында: панельдерге, кабельдерге және қалқандарға қызмет көрсететін электриктер, әртүрлі қуат жабдықтарын монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі техниктер сияқты техникалық мамандар қажет.
Бұл колледжді немесе университетті бітіргеннен кейін алуға болатын нақты, үнемі сұранысқа ие жұмысшы мамандықтар. Ең бастысы, олар елімізде және әлемде «жасыл» энергетиканы дамыту миссиясымен тығыз байланысты.
Бүгін Сіз не істей аласыз? Оқыңыз, біліңіз! Технологияға қызығушылық танытыңыз. Физика мен математикадан қорықпаңыз. Сұрақтарыңызды қойыңыз. Ал біз, сала өкілдері ретінде мектеп оқушыларын қолдауға, тәжірибе алмасуға, станцияларға экскурсиялар өткізуге, кәсіптік бағдар беруге, яғни бағыт-бағдар беруге дайынбыз.
Неліктен бұл маңызды? Жұмысшы мамандықтары - ол кешегі дүние емес. Бұл болашақтың мамандықтары. Қазақстанның өз Отандық мамандары бола ма, әлде шетелден маман шақырамыз ба, бұл Сіздерге байланысты, ойланатын мәселе.
Бүгінгі таңда кім болу керек, не істеу керек, ел дамуына қандай үлес қосу керек деген таңдау алдында тұрсыңдар. Сондықтан біз Сіздерді энергетика саласына, әсіресе жаңартылатын энергия көздеріне назар аударуға шақырамыз.
Жаңартылатын энергия көздері саласындағы кәсіптер тұрақты жұмысты ғана емес, сонымен қатар еліміздің энергетикалық және экологиялық қауіпсіздігін дамытуға қосқан үлесін мақтан ете алатын кәсіп. Бұл Сіз мақтана алатын және мақтану керек нәрсе.