Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» болып жарияланды. Бұл экономикалық тұрақтылық пен әлеуметтік прогрестің басты факторы ретінде “жұмысшы” кәсіптердің рөлін күшейтудегі стратегиялық қадам.
Осы стратегиялық қадамын “Samruk-Green Energy” ЖШС де негізге ала отырып, СЭС 2МВт, СЭС 1МВт мен 416 кВт, сонымен қатар ВЭС 5МВт жұмысшылының ортасында “жас инженерлер арасында Үздік маман” сайысын өткізді.
Станция мамандары өз арасынан бұл марапатқа 5 МВт жел электр станциясының кезекші инженері Ардақ Тұрғанжанұлы лайықты деп шешті.
А.Тұрғанжанұлы кәсіпорында 2019 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде жел энергетикасы жабдықтарын пайдалану саласында қажетті білімі мен практикалық тәжірибесі бар, өз ісіне жауапты, бірден-бір лайықты маман екенін көрсетті.