Құрметті әріптестер, қадірлі достар!

Сіздерді Наурызнама декадасының басталуымен құттықтаймын, сондай-ақ ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын!

Наурыз – бұл бейбітшілік пен келісім, жақсылық пен молшылықтың мерекесі. Көктемнің жаңа күнінде әрбір шаңыраққа қуаныш, амандық, ырыс-береке тілеймін. Біздің ортақ еңбегіміз табысты болып, алдағы уақыт жарқын болсын!

Ұжымымызға жаңа жетістіктер, өркендеу мен толағай табыс тілеймін!

Наурыз мейрамы құтты болсын!

Ізгі тілекпен Исламов Долкын Усманович.