8-наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Самұрық-Энерго» АҚ-да «БҰҰ-әйелдер» және Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық шарты серіктестігі аясында әзірленген «Әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту қағидаттарын» қолдау жөніндегі мәлімдемеге қол қойылды.
«Самұрық-Энерго» АҚ Еуропалық қайта құру және даму банкімен (ЕҚДБ) және оныңErgonAssociates(Эргон) консультанттарымен бірлесе отырып, жобаны іске асыруда, ол жоба аясында Әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтудің 7 қағидатын қолдау туралы мәлімдемеге қол қойылды. Бұл құжат орнықты дамудың басты элементі ретінде гендерлік теңдік қағидаттарын ұстануды және әйелдер мен ерлерге тең мүмкіндіктер беретін компаниялардың табысты екеніне сенімділікті көздейді. Жоба өзінің жұмысын 2018 жылғы маусымда бастап, 2019 жылғы қыркүйекте аяқтайды.
Құжатқа қол қоюға «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Бақытжан Жоламанов және Ergon Associateөкілдер қатысты.
Эргон Associatesөкілі атап өткендей,«Самұрық-Энерго» компаниясының Қазақстанның энергетика секторында теңдей мүмкіндіктерді іске асыру үшін шын мәнінде көшбасшы болуға, сондай-ақ өзін заманауи және прогрессивті компания ретіндекөрсете білуге барлық мүмкіндіктері бар. Компания басшылығы деңгейінде саяси негізделген теңдей мүмкіндіктерге нақты қолдау білдіріледі.
Бақытжан Жоламановтың сөзінше, «Самұрық-Энерго» АҚ БҰҰ-ның Жаһандық шартына 2011 жылы қосылды, содан бері өзінің стратегиясы мен күнделікті жұмысында осы құжаттың 10 қағидатын ұстанып келеді. «Біздің энергия холдингіміздің мақсаты – адам құқықтары саласындағы саясатты дамыту ғана емес, әйел құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңіте отырып, гендерлік теңдікті ілгерілетумен байланысты маңызды мәселелердің шешімін де табу», - деп атап өтті «Самұрық-Энергоның» басшысы.
Бүгінде қазақстандық аса ірі энергия холдингіне қарасты компаниялар тобында 4700-ге жуық қыз-келіншектер жұмыс істейді. Олардың 630-дан астамы – басшылық қызметте.
«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі. 2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.