"Samruk-Green Energy" ЖШС фотоэлектрлік модульдерді тестілеуді ұсынады. "Samruk-Green Energy" ЖШС Қапшағай қаласындағы 2 МВт СЭС-те "Астана-Солар" ЖШС отандық өндірісінің фотоэлектрлік модульдерін тестілеу жүргізді.
2 МВт СЭС базасында Қапшағай қаласында ЖЭК эксперименттік-зерттеу зертханасы құрылды. Зертхана қызметінің бағыттарының бірі нақты уақыт пен нақты ауа-райы жағдайында әртүрлі типтегі фотоэлектрлік модульдерді (монокристалды, поликристалды, пленкалы және т.б.) тестілеу болып табылады. Тестілеу нәтижелері бойынша өнімнің мәлімделген стандарттарға сәйкестігі туралы есептер мен қорытындылар дайындалады.
Жиынтық қуаты 5,6 кВт-қа дейінгі тестіленетін фотоэлектрлік модульдер (ФЭМ) әмбебап металл құрылымдарға бекітіледі және SMC10000TLRP-10 инверторы арқылы Sunny WebBox, Sunny SensorBox, Power Injector RS-485 тұратын мониторинг жүйесіне қосылады. ҚЭҚ жұмысының көрсеткіштерін алу онлайн режимінде жүзеге асырылады.