«Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2012-2022 жылдарға арналған ұзақ мерзімді стратегиясына сәйкес компанияның миссиясында орнықты даму арқылы жаһандық энергия экологиялық бастамалар аясында электр энергиясын сенімді әрі тиімді өндіру мен жеткізу көзделген.
Жаңартылатын энергия көздерін арттыру мақсатында аталған Стратегияда Ерейментау қаласы ауданында қуаты 50 МВт жел электр станциясын салу көзделген.
2014 жылы 27 қарашада Астанада «Ерейментау жел паркі» ЖШС Еуропа қайта құру және даму банкімен (EBRD) Ақмола облысы Ерейментау алаңында қуаты 50 МВт Жел Электр Станциясын (ЖЭС) салу жобасын қаржыландыру бойынша кредиттік желі ашу туралы шартқа қол қойды.
Ерейментаудағы жел паркін кеңейту жөніндегі жобаны қаржыландыру туралы келісімге қол қою Қазақстанның жасыл экономикаға көшу және ЖЭК-ті дамыту тұжырымдамасын ұстанатынын айғақтайды. Мәмілеге «Самұрық-Энерго» АҚ кепіл болды, сол арқылы «Samruk-GreenEnergy» ЖШС «Ерейментау жел паркі» ЖШС-ға иелік етеді.
- Кредиттік келісімге қол қою Қазақстандағы төмен көмірсутегі экономикасын дамыту жоспарына сәйкес келеді. Осы жылы біз қуаты 45 МВт Ерейментау жел паркін салудың бірінші кезегін аяқтаймыз. ЕКДБ мен ФЧТ серіктестігінің арқасында оның қуаты 95 МВт-ға дейін ұлғаятын болады, – деп атап көрсетті «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев.
ЖЭС жаңа кезегін салу станцияны салу үдерісінде де, сондай-ақ оны кейіннен пайдалануға беру кезінде де қосымша жұмыс орындарын ашуды қамтамасыз етеді. ЖЭС құрылысын кеңейту жобасы жаңартылатын энергетиканы енгізу жолындағы ерекше маңызды қадам және ол электр энергиясын жыл сайын 180 млн. квт/сағ. көлемінде өндіруді қамтамасыз етеді, 50 мың тоннадан астам көмірді жағудан сақтайды және осыған байланысты парниктік газдардың шығарындыларын азайтады.
Қол қою рәсіміне қатысушылар:
Дәурен Табжанов – «Ерейментау жел паркі» ЖШС Бас директоры
Аида Ситдикова – ЕҚДБ Ресей мен Орталық Азиядағы Энергетика және табиғи ресурстар жөніндегі директоры
«Ерейментау жел паркі» ЖШС мен ЕҚДБ арасындағы кредиттік келісімге қол қою туралы БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
-
3733