«Samruk-Green Energy» ЖШС мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті  арасындағы стратегиялық әріптестік аясында, Физика-техникалық факультетінің Жылуфизика және техникалық физика кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы жаңартылатын энергия көздері нысандарында өндірістік тәжірибеден өтті. Тәжірибенің мақсаты – өндіріс тарапынан өзекті ақпарат пен сұраныстар алу, сондай-ақ ғылыми және білім беру әлеуетін күшейту.

1

10 күндік тәжірибе барысында оқытушылар күн, жел және шағын су электр станцияларымен танысты. Энергетикалық жүйелерді оңтайландыру әдістері, энергия үнемдейтін технологиялар, инженерлік шешімдер мен материалдар, сондай-ақ сапа бағалау әдістері басты назарда болды. Сонымен қатар, өндірістік мамандармен кездесулер өтіп, ортақ ғылыми жобалар бойынша ынтымақтастықтың бағыттары айқындалды.