"Возобновляемый ресурс энергии, не зависящий от цен на топливо..."
"Возможность децентрализованного обеспечения электроэнергией для отдаленных районов..."
"Отсутствие выбросов вредных веществ и парниковых газов..."
RU EN KZ
+7 (727) 344-92-18

17.08.2017

«Samruk-Green Energy» ЖШС-нің 2017-2019 жылдарға арналған аудиторлық жеке жылдық қаржы есептілігін әзірлейтін аудиторлық ұйымның қызметін сатып алу өткізілетіндігін хабарлайды

050010, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Қонаев көшесі, 181 Б №704 каб: мекен-жайы бойынша орналасқан «Samruk-Green Energy» ЖШС (бұдан әрі-Серіктестік) «Самұрық-Қазына» АҚ-на аудиторлық ұйымды іріктеу Тәртібіне және «Самұрық-Қазына» АҚ-на тиесілі дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың, меншік немесе сенімгерлік басқару құқығындағы (бұдан әрі Тәртібі) ұйым ретінде бір көзден сатып алу тәсілімен болашақта «Samruk-Green Energy» ЖШС-нің 2017-2019 жылдарға арналған аудиторлық жеке жылдық қаржы есептілігін әзірлейтін аудиторлық ұйымның қызметін сатып алу мақсатында аудиторлық ұйымды іріктеу рәсімінің өткізілетіндігін хабарлайды.

Аудиторлық ұйымның қызметтерін сатып алуға бөлінген сома:

№ п/п

Тапсырыс атауы

Жылдық

қаржылық есептілік

Мерзімі

қызмет көрсету

Сомасы жоқ

ҚҚС

Сомасы

ҚҚС

1

«Samruk-Green Energy» ЖШС

2017 жыл

5 ақпан 2018 ж.

2 200 000

2 464 000

2

2018 жыл

5 ақпан 2019 ж.

2 332 000

2 611 840

3

2019 жыл

5 ақпан 2020 ж.

2 448 600

2 742 432

Сатып алынатын қызметтердің толық тізімі, саны, нақты сипаттамасы мен көрсету мерзімі аудиторлық ұйымды іріктеу рәсіміне қатысуға арналған Өтінімде (бұдан әрі қатысуға арналған Өтінім) көрсетілген. Өтінімнің көшірмесін мына мекен-жай: Қазақстан Республикасы, Алматы қ. Қонаев көшесі 181 Б. №704 каб.-тен (info@samruk-green.kz) 2017 жылғы 17 қыркүйекке дейін (17 қыркүйек қоса есептеледі) алуға болады.

Іріктеу рәсіміне қатысуға арналған өтінімнің көшірмесін алу үшін әлеуетті өтінім берушілердің өкілдері Серіктестікпен құпиялылық жөніндегі келісімге қол қоюға міндетті.

Іріктеу рәсіміне арналған өтінім Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Қонаев көшесі, 181 Б. №704каб. мекен-жайында орналасқан Серіктестікке әлеуетті өтінім берушілермен желімделген конвертте сағат 09.00-ден 16.30-ға дейін табысталады.

Іріктеу рәсіміне қатысуға арналған өтінімді қолма қол беру барысында әлеуетті өтінім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілі әлеуетті өтінім берушінің атынан оның мүддесіне өкілдік етуші тұлғаға сенімхат және жеке куәлігінің көшірмесін беруі тиіс.

Іріктеу рәсіміне қатысушылардан өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі 2017 жылңы 17 қыркүйек сағат 16.00. Мекен-жайы: Алматы қ., Қонаев к-сі, 181 Б. каб. №704

Іріктеу рәсіміне қатысу үшін өтінімдер салынған конвертер 2017 жылғы 17 қыркүйек сағат 16.00-де Алматы қ., Қонаев к-сі, 181 Б. каб. №704 мекен-жайында ашылады.

Қосымша ақпараттар мен анықтамаларды мына телефон бойынша алуға болады: 8 (727) 344 92 19.


Все тендеры