"Отын бағасына тәуелді болмайтын қуаттың жаңартылған ресурсы..."
"Қашықтағы аудандар үшін орталықсыздандырылған электроэнергиямен қамтамасыз ету мүмкіндігі..."
"Зиянды заттар шығарындыларының және парникті газдардың болмауы..."
RU EN KZ
+7 (727) 344-92-18

Ерейментау ЖЭС жобасын іске асыру бөлімінің консалтингтік қызметі үшін сатып алу туралы хабарлама

Жоба: Ерейментау ЖЭС

Ел: Қазақстан Республикасы

Қызмет аясы: Электр энергетикасы

Жобаның сәйкестендіру нөмірі:  45618

Қаржыландыру: ЕҚДБ

Келісімшарт түрі: Консалтингтік қызмет

Хабарлама түрі: Мүддені білдіру үшін ұсыныс

Берілген күні: 31.07.2014

Аяқталған күні: 30.08.2014

 

Жобаны іске асыру бөлімінің консалтингтік қызметі

Тапсырманың сипаттамасы: «Samruk-Green Energy» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) құрылысты қаржыландыру үшін  Еуропа қайта құру және даму банкінен (БАНК) және Таза технологиялар қорынан (Clean Technology Fund ) (“CTF”) алған қарыздан түскен түсімді пайдалана отырып, Ерейментау аумағында қуаты 50 МВ жел электр станциясын (бұдан әрі – ЖЭС) іске қосу және пайдалануға беруді ниет етіп отыр.

Қазақстандағы жел энергиясын пайдалану бойынша ірі ауқымды жоба болғандықтан, оның Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі жобаны ойдағыдай іске асыру үлгісіне айналуына әлеуеті зор.

Бұл хабарлама Ерейментау ЖЭС-іне арналған жобаларды іске асыру бөлімі үшін консалтингтік қызметтерге қатысты.

Консультанттың басты мақсаты Жобаны іске асыру жоспарына және Банктің кредиттік шартта көзделген барлық талаптарына сәйкес Жобаны ойдағыдай аяқтауды қамтамасыз ету үшін Серіктестік үшін жобалау қызметін қоса алғанда, ұйымдастырушылық және техникалық көмекті қамтамасыз етуден тұрады.    

 

Жобаның болжанатын компоненттері мыналардан тұрады:

Клиент жобасын іске асыру бөліміне қолдау көрсетуге арналған консалтингтік қызмет (осы хабарлама)

50МВт ЖЭС-ті (пайдалануға беру және техникалық қызмет көрсетуді қоса алғанда) жеткізу және орнату (толық аяқтап тапсыру)

 

Банктің кредиттік қаражаты есебінен қаржыландырылатын барлық сатып алулар Банктің сатып алу саясаты мен қағидаларына толық сәйкестікте жүргізіледі. Жобаны Серіктестік құрған жобаны іске асыру бөлімі жүзеге асыратын болады. Жобаны іске асыру бөлімі компанияның жел энергетикасы, қадағалау, бақылау, есептілік, бағалау және т.б. салаларда техникалық білімі бар сатып алу, жобалау жөніндегі мамандардан тұрады.  Жобаны іске асыру бөлімі мүшелері жобаны іске асыру бөлімінің бір бөлігі болып табылатын консалтингтік компанияның кәсіби қызметін пайдаланатын болады.

Консалтингтік компания жобаны іске асыру бөліміне қызметті екі саты бойынша көрсетеді: 

1-саты тендерлік құжаттаманы толық дайындаудан және мердігерлерді таңдау үшін сатып алу процесінде жобаны іске асыру бөліміне көмек көрсетуден тұрады.  Консалтингтік компания сондай-ақ жобалаудың негізгі (алдын ала) айырықшалаулары мен жобаның негізгі компоненттерінің техникалық сипаттамаларын дайындауға және техникалық айырықшалаулар, объектіні жобалау мен сатып алулар бойынша барлық құжаттардың  Банктің сатып алу саясаты мен қағидаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес ашық конкурс өткізу мақсатында объективті дайындалуына назар аударады.

2-саты жоба аясында басшылық жасау келісімшарттардың орындалуына мониторинг жүргізу қызметін көрсетуден тұрады.

Мынадай міндеттер көзделген:

(а) Тендерлік құжаттаманың толық жинақталымын дайындаудан тұратын Жобалық құжаттаманы дайындау, қарау, бағалау;

(б) Тендерлік бағалау мен шарттарды аяқтау рәсімдерінен тұратын тендер кезінде қолдау көрсету;

(с) Жобалау, жеткізу және құрылыс, ЖЭС инфрақұрылымында жобаланатын қоршаған ортаға әсерді бағалау, желіні тестілеу, ашық тендерге қатысуға мүдделі болуы мүмкін әлеуетті өнім берушілерді анықтау бойынша техникалық айырықшалаулар әзірлеуден тұратын техникалық әзірлеме;

(г) Техникалық айырықшалаулар аясында кепілдіктердің негізгі талаптарын, турбиналарды тестілеу тәртібін, бағалаудың, жұмыстар мен техникалық қызмет көрсетудің рәсімдеріне және т.б. қойылатын талаптарды әзірлеу;

(е) ЖЭС салу кезінде қадағалау мен мониторинг жүргізуді енгізу үшін құрылысты салу, тестілеу және пайдалануға беру, тестілеу рәсімдеріндегі ұсынымдар, келісімшарттың талаптарына сәйкес кейінгі шарттар;

Іріктеу процесінің мәртебесі:

Осы арқылы өздерінің мүдделіліктерін білдіру үшін мүдделі фирмалар шақырылатыны хабарланады.

Тапсырманың болжамды басталатын күні мен ұзақтығы: тапсырманы іске асыру мерзімі 2015 ж. басынан бастап 2018 ж. аяғына дейін.

Тапсырманы орындауға арналған ең жоғарғы қолжетімді бюджет: 3.0 миллион еуро (ҚҚС-ны есептемегенде)

Консультант Банктің ХҚИ ретіндегі ерекше мәртебесін назарға ала отырып, қызметтерге қандай да бір ҚҚС-ны және анықтама үшін негіздерді есептейтінін/есептемейтінін анықтауға және оны тапсырма туралы хабарламаға берген жауабында мәлімдеуге тиіс. Жергілікті салық органынан консультантқа қайтарылмайтын қызмет көрсетумен байланысты (мысалы, авиабилетке салынатын ҚҚС) сатып алынған тауарлар мен қызметтерге кіріс ҚҚС-ны Консультанттың өзіне қаншалықты аударып алуына байланысты консультанттың мұндай шығындарының жалпы құны шығындарды өтеу ретінде қарастырылмауы тиіс.

Қазақстан Республикасында тұрақты өкілдіктің болуы (консультациялық қызмет пен құмыстарды көрсету үшін шарт жасасатын тұрақты мекеме) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексіне сәйкес, халықаралық салық салу сипаттамаларына сай Консультант үшін міндетті болып табылатынына назар аударыңыз.

Қаржыландыру көзі: ЕҚДБ қарызы

Біліктілік шектеулер: шектеулер жоқ

Консультант бейіні: Осы тапсырмаға қатысатын қандай да бір өнім берушіге толық тәуелсіз және байланысты емес консультанттардың кәсіби фирмасы. Сондай-ақ қажет болған жағдайда көпбейінді халықаралық және жергілікті сарапшылардың қызметін пайдалану күтілуде.

Консультанттың ЖЭС жобасын жобалау, сатып алу және жүзеге асыру саласында тиісті білімі және тәжірибесі болуға тиіс. Бұған қоса, ЕҚДБ жұмыс істеген елдерде тәжірибесінің болуы артықшылық болып табылады. Консультант қызметін ісек асыруды жеңілдету үшін орыс тілді мамандарды тарту (мүмкіндігінше) ұсынылады. Клиентпен келіссөздер негізінен орыс тілінде жүргізілуі мүмкін, сондықтан орыс тілді мамандардың қатысуы күтіледі.

Аталған тапсырманы орындауға қажетті ең төменгі білім мен тәжірибе:

Консультанттар тобының жетекшісі – жалпы кәсіби тәжірибесі және жел энергетикалық жобаларды жоспарлау мен іске асырудағы тиісті тәжірибесі - кемінде 10 жыл.

ЖЭС жобалау инженері – ЖЭС энергетикалық жобаларды әзірлеу мен іске асырудағы жәжірибесі - кемінде 10 жыл.

Жел электр энергетикасы бойынша жобаларды жобалау қызметінде жобалау бойынша жұмыс тәжірибесі  (негіхгі сипаттамалар және техникалық айырықшалаулар) – кемінде 10 жыл.

Кемінде 10 жыл жұмыс тәжірибесі бар сатып алу мәселелері жөніндегі консультант. Энергетика бойынша жобаларды сатып алу саласында жұмыс тәжірибесінің, сондай-ақ Халықаралық Қаржы Мекемесі ережесі негізінде тәжірибесінің болуы пайдалы;

Объектідегі қадағалау жөніндегі үйлестіруші: жел электр  энергетикасы бойынша объектілерді қадағалау және жобаларды пайдалануға беру саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі.

Жел электр  энергетикасы, құрылыс, экологиялық және әлеуметтік мәселелер және басқа талап етілетін мамандану саласында тиісті тәжірибесі бар қысқа мерзімге алынатын мамандар;

Жобаны ойдағыдай іске асыру үшін қажетті экологиялық, әлеуметтік және басқа тиісті салалардағы сатып алулар/келісімшарттар, жел электр станциясын жоспарлау, жобалау және салу саласында жұмыс тәжірибесі бар жергілікті сарапшылар, инженер-конструкторлар;

Хатшылық қызметтер/қолдау: консалтингтік компанияның хатшылық қызмет көрсету, ауызша аудару, жазбаша аударма жасау және көлік қызметі саласындағы жұмыстарды қамтамасыз ету мақсатында жобаларды іске асыру үшін қажеттілік бойынша қолдау көрсетуге жергілікті қызметкерлерді жалдауы талап етіледі. 

 

Өтінім беру үшін қойылатын талаптар:

Осы хабарлама арқылы мүдделі консультанттарға мүдделілікті білдіру ұсынылады.

Конкурсқа қатысушы консалтингтік фирмалардың мүмкіндіктері мен тәжірибелерін анықтау үшін ұсынылған ақпарат мыналардан тұруға тиіс:

Компанияның бейіні, ұсынылатын жоба ұйымы және штат;

Тәжірибе және соңғы бес жылда іске асырылған осы тектес жобалар (олардың орналасуын, қызметкер мен бюджетті енгізу тұрғысынан алғанда консультант қолданатын жалпы бюджет пен оның пропорциясын қоса алғанда) туралы егжей-тегжейлі ақпарат,

Үміткерлердің түйіндемелері (бір түйіндеме 3 бет болуға тиіс)

 

Жоғарыда келтірілген ақпарат түйіндемені қоспағанда 25 беттен аспауға тиіс.

 

Бір түпнұсқа және екі нөмірленген құжаттамалық көшірме CD тасымалдағышта жоғарыда аталған ақпараттың ағылшын тіліндегі нұсқасы орыс тіліндегі аудармасының көшірмесімен бірге  электронды нұсқада «Ерейментау ЖЭС жобасы үшін мүдделілік білдіру – Жобаны іске асыру бөлімі консультация беру қызметі» деген белгісі қойылып, конвертке салынып, Клиентке ұсынылуы және ол Клиентке жоғарыда аталған жабылу мерзімінен бұрын табыс етілуі тиіс.

 

Байланыс:

"Samruk-Green Energy" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

050010 Қазақстан Республикасы Алматы қ.-сы, Қонаев көшесі, 181Б, 7 этаж, 704 офис

Телефон : +7 (7172) 682366, 682562, 682371, 682373, 680547

info@samruk-green.kz

Сенім поштасы
trust@samruk-energy.kz

Өтінім қабылдаудың соңғы күнінен кейін келіп түскен өтінімдер қаралмайды.

Ескертпе: Мүдделілікті білдіруге шақыру хатынан кейін іріктелген білікті фирмалар тізіміне ұсыныстар беру туралы ресми ұсыныс білдіріледі. Іріктеу және келісімшарт жасасу процесі қаржы қаражатының болуына байланысты болады. 


ЖЭС құру жобасы

Жел энергетикасы жаңартылған энергия көздерінің ең қарқынды дамып жатқан түрі болып табылады. Қазақстан Республикасы Үкіметі және "Қазақстан - жел энергиясын дамыту нарығының бастамасы" БҰҰ дамыту бағдарламасы Қазақстан аумағы бойынша жел энергетикалық әлеуетті таратуды зерттеп, Алматы облысының Шелек дәлізін және Ақмола облысының Ерейментау ауданын жел электрлік станциясын құруға болашағы бар аймақтардың бірі ретінде анықтаған Осыған байланысты біздің ұйыммен жел электрлік станцияларын құру бойынша екі жоба жүзеге асырылды:

Ерейментау ауданындағы 300 МВт дейін кеңею болашағымен 51 МВт қуатымен ЖЭС құру жобасы

300 МВт дейін кеңею болашағымен 60 МВт қуатымен Шелек дәлізіндегі ЖЭС құру жобасы

Осы жоба жаңартылған энергия көздерін пайдалану бойынша 2010-2014 жылдарға Қазақстан Республикасының жеделдетілген индустриалды-инновациялық Мемлекеттік бағдарламасының орындалу шегінде Алматы облысының Әкімдігімен жүзеге асырылады.

пїЅпїЅпїЅпїЅпїЅпїЅпїЅпїЅ пїЅпїЅпїЅпїЅпїЅпїЅпїЅпїЅ

Жедел желіні