Оразбек Бекбас Тельбайұлы

«Самұрық-Энерго» АҚ омбудсмены

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның (бұдан әрі - Қоғам) Омбудсмен туралы ережесіне (бұдан әрі - Ереже) сәйкес, Омбудсмен – Қоғамның Директорлар кеңесі тағайындайтын тұлға, оның рөлі өзіне жүгінген Қоғам қызметкерлеріне кеңес беру және еңбек дауларын, шиеленістерді, әлеуметтік-еңбек сипатындағы келелі мәселелерді шешуде, сондай-ақ Қоғам қызметкерлерінің іскерлік этика қағидаларын сақтауына көмек көрсету болып табылады.

Ережеге сәйкес, Омбудсменнің негізгі міндеттері Қоғам қызметкерлерінің және лауазымды тұлғаларының Қоғамның Іскерлік этика кодексін сақтауын қамтамасыз ету және оның ережелерін түсіндіру, Қоғам қызметкерлеріне және лауазымды тұлғаларға корпоративтік шиеленістер мен мүдделер шиеленісінің алдын алу мен реттеуге көмек көрсету, Қоғам қызметкерлеріне және лауазымды тұлғаларға Қоғамдағы заңға қарсы келетін әрекеттер туралы хабарлауда көмек көрсету болып табылады. Соған қоса, Ереженің 15-тармағына сәйкес, Кодекс ережелерін, Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын және Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарын бұзу фактілері бойынша жүгінген Қоғам қызметкерінің, лауазыды тұлғаның аты-жөнін көрсетпеуді қамтамасыз етуге міндетті.

Қоғамның лауазымды тұлғаларының және басқа қызметкерлерінің құқыққа қарсы әрекеттерінің фактілері бойынша Омбудсменнің сенім телефоны бойынша: +7 (7172) 69-23-56 (Бекбас Оразбек Телібайұлы), сондай-ақ жазбаша өтініштерді қабылдау үшін o.bekbas@samruk-energy.kz электронды почтасына жүгінуді сұраймыз.

Омбудсменнің негізгі функциялары